Қарағанды облысы
Қазақша
Русский
Басты
Пайдаланушы келісімі
Пайдаланушы келісімі және Құпиялық саясаты

Редакция 2025 жылдың 01 тамызынан бастап жарамды

 

1. Пайдаланудың жалпы шарттары


1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) «Ұлттық білім беру деректер қоры» Мемлекеттік ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҰБДҚ) пайдалану қағидаларын белгілейді және Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел Даңғылы, 8 ғимарат мекен-жайында орналасқан «Қазақстан Республикасының оқу-ағарту Министрлігі» ММ, БСН 220840049086 (бұдан әрі - Иеленуші) және ҰБДҚ пайдаланушысы болып табылатын тұлға (заңды, жеке) (бұдан әрі - Пайдаланушы) арасындағы келісімді білдіреді.

1.2. ҰБДҚ https://oqu.edu.kz/ (алдыңғы мекен-жай https://oqu.nedb.kz/) және https://nedb.edu.kz/ интернет-ресурстарында орналастырылған. 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

Осы Келісімде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;

  2. биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде осы субъектінің жеке басын анықтауға болады;

  3. дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер;

  4. Жеке кабинет - бұл тіркелген Пайдаланушыларға арналған, өздерінің деректерін, баптауларын және олардың сервиспен өзара әрекеттесуіне байланысты басқа ақпаратты басқара алатын ҰБДҚ-дағы жеке бөлім;

  5. мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

  6. білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі - Оператор) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға.

Осы бөлімде көрсетілмеген терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндірілуге жатады.

 

 

3. Келісімнің мәні


3.1. Осы Келісімнің мәні пайдаланушыға ҰБДҚ-ны, оның ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында пайдалану мүмкіндігін беру болып табылады.

 

4. Тіркеу ережелері


4.1.  Осы Келісім жария оферта болып табылады.
4.2. ҰБДҚ-ға тіркелу үшін пайдаланушы тіркеу рәсімінен өтуі және авторизациялау бойынша бірқатар дәйекті әрекеттерді орындауы тиіс.
4.3. Пайдаланушы өзі туралы шынайы, нақты және толық ақпарат беруге және осы ақпаратты жаңартып отыруға келіседі.
4.4. Егер тұлға дұрыс емес тіркеу ақпаратын ұсынса немесе тұлға берген тіркеу ақпараты дұрыс емес, толық емес, дәл емес, осы Келісімнің талаптарын бұзады немесе тұлға басқа біреудің деректерін пайдаланды деп ойлауға негіз болса, онда Иеленушінің Пайдаланушыны ҰБДҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді алатын тұлғаларға жатқызу жағдайларын қоспағанда, тиісті елді мекеннің жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша Пайдаланушының авторизациясын тоқтата тұруға не күшін жоюға құқығы бар.

4.5. Осы Келісімнің мақсатында «Пайдаланушы» рөлі жалпылама ұғым болып табылады және мынадай санаттарды қамтиды:

1) Пайдаланушы-Жергілікті атқарушы органның қызметкері - ҰБДҚ шеңберінде үдерістердің іске асырылуын үйлестіру, мониторингілеу және бақылау жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті мемлекеттік органның өкілі. Өз құзыреті шегінде аналитикалық және өзге де деректерге, әкімшілендіру құралдарына қол жеткізе алады.

2) Пайдаланушы-Ата-ана - білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алатын, алған және/немесе алуға ниет білдірген баланың ата-анасы немесе заңды өкілі болып табылатын жеке тұлға. Өтініштерді беру және қадағалау, ваучерлер туралы ақпарат алу, хабарламалар және білім беру үдерісіне байланысты өзге де деректер функцияларына қол жеткізе алады.

3) Пайдаланушы-Білім беру ұйымының қызметкері - білім беру ұйымының атынан әрекет ететін уәкілетті тұлға. Әкімшілік функционалға, оның ішінде өтініштерді басқаруға, есептілікті қалыптастыруға, деректерді өзектендіруге, білім беру үдерісін жүргізуге, сабаққа қатысуды есепке алуға, өз құзыреті шеңберінде ата-аналармен өзара қарым-қатынасқа және ҰБДҚ функционалында көзделген өзге де операцияларға байланысты функцияларға қол жеткізе алады.

4) Пайдаланушы-Оператордың қызметкері - Талдамалық есептерді қалыптастыруды және берілген өкілеттіктер шегінде өзге де әрекеттерді орындауды қоса алғанда, ваучерлік қаржыландыру үдерістерін сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын оператордың уәкілетті тұлғасы.

Әрбір Пайдаланушыға ҰБДҚ пайдалану мақсатына және расталған мәртебесіне байланысты тиісті санат (кіші рөл) тағайындалады.

ҰБДҚ функционалында және тиісті үдерістерді іске асыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген міндеттерге байланысты ҰБДҚ Иеленушісі айқындайтын Пайдаланушылардың (кіші рөлдердің) өзге де санаттарының болуына жол беріледі.

 

5. Пайдаланушының жеке және биометриялық деректері


5.1. Пайдаланушы Иеленуші белгілеген тәсілмен ҰБДҚ-да тіркеуді жүзеге асыра отырып, Иеленушіге өзіне берілген және/немесе үшінші тұлғалардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар/Пайдаланушының баласы («Пайдаланушы-ата-ана» рөлінде) және Пайдаланушының қызметкерлерінің («Пайдаланушы-ата-ана» рөліндегі Пайдаланушыны қоспағанда) дербес және биометриялық деректерін қоса алғанда, мемлекеттік және өзге де дерекқорлардан алынған дербес және биометриялық деректерді кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және таратуға келісім береді және дербес деректерді жинау, өңдеу, пайдалану, сақтау және тарату, дербес деректерге қол жеткізуді ұсыну мақсаттарын қоса алғанда, осы Келісімде белгіленген құқықтар туралы, Дербес деректер қорының иесінің дербес деректермен байланысты басқа субъектілердің дербес деректерді өңдеудің ішінара немесе толық құқығын беруі, Иеленушінің дербес деректерді, оның ішінде иесіздендірілген дербес ақпарат түрінде тарату мүмкіндігі туралы хабарланғанын растайды.

5.2. Үшінші тұлғалардың дербес және биометриялық деректеріне қатысты Келісімнің 5.1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға келісім бере отырып, Пайдаланушы көрсетілген әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барлық қажетті заңды негіздерге және/немесе келісімдерге ие екенін растайды және олардың заңдылығы үшін толық жауапты болады.

5.3. Пайдаланушы Иеленуші белгілеген тәсілмен ҰБДҚ-да тіркеуді жүзеге асыра отырып, Пайдаланушының кәмелетке толмаған баласына кез келген іс-әрекеттерді жасауға, оның ішінде Пайдаланушының осы кәмелетке толмаған баласына қатысты (ҰБДҚ-ға 18 жасқа толмаған Пайдаланушы ретінде де, оның ата-анасы және/немесе заңды өкілі ретінде де  тіркелген жағдайда) Келісімнің 5.1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға келісім береді.

5.4. 18 жасқа толмаған Пайдаланушы ҰБДҚ-да тіркелген және ҰБДҚ-да оның ата-анасы және/немесе заңды өкілі тіркелмеген жағдайда, 18 жасқа толмаған Пайдаланушы Иеленуші белгілеген тәсілмен ҰБДҚ-да тіркеуді жүзеге асыра отырып, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қандай да бір ескертусіз кез келген іс-әрекет жасауға келісімінің бар екенін, оның ішінде Келісімнің 5.1-тармағына сәйкес ұсынылатын дербес деректерді үшінші тұлғаларға кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және таратуға келісім беретінін растайды.

5.5. Жиналатын, сақталатын, өңделетін және таратылатын дербес деректердің санаттары:

  1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;

  2. жеке сәйкестендіру нөмірі;

  3. Пайдаланушының байланыс телефоны;

  4. Пайдаланушының электрондық пошта мекен-жайы (e-mail) ;

  5. Пайдаланушының тұрғылықты жері бойынша және (немесе) тұрған жері бойынша нақты тұратын және тіркелген жерінің мекен-жайы;

  6. тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша және (немесе) тұрған жері бойынша нақты тұратын және тіркелген жерінің мекен-жайы, мәртебесі мен жеңілдіктері туралы ақпарат, кезектегі позициялар, білім беру ұйымынан қабылдау/шығару туралы ақпарат, сондай-ақ Пайдаланушының баласы/балалары бойынша өзге де ақпарат;

  7. жынысы;

  8. пайдаланушының фотосы мен суреті;

  9. соттылығының болуы не болмауы туралы, наркологиялық ұйымдағы диспансерлік бақылауда болуы/болмауы туралы, психоневрологиялық ұйымдағы диспансерлік бақылауда болуы/болмауы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есебінде болуы/болмауы туралы, білім беру ұйымымен еңбек шартының болуы туралы деректер, белгіленген үлгідегі диплом/сертификат және (немесе)  білімі туралы құжаттарды, сертификатты (куәлікті) не біліктілігін растайтын өзге де құжатты тану және (немесе) нострификациялау туралы,  («Пайдаланушы-білім беру ұйымының қызметкері» рөліндегі Пайдаланушылар бойынша);

  10. геолокация;

  11. мәртебесі;

  12. ҰБДҚ интерфейсіне сәйкес басқа деректер.

Осы тармақтың 2-12-тармақшаларында көрсетілген деректер осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген деректердің жиынтығында оларды өңдеген жағдайда дербес деректер ретінде бағаланады.

5.6. Дербес деректер осы Келісімнің қолданылу мерзімі мен ҰБДҚ пайдалану мерзімі ішінде сақталады.

5.7. Иеленуші Пайдаланушының дербес деректерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Пайдаланушының дербес деректерімен заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық шараларды қабылдайды.

5.8. Пайдаланушының дербес және өзге де деректерін өңдеу мынадай ықтимал тәсілдермен аралас өңдеу (автоматтандырылған, сондай-ақ автоматтандыру құралдарын пайдаланбай) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін: жазу (оның ішінде электрондық жеткізгіштерге), жүйелеу, жинақтау, сақтау, тізбелер жасау, таңбалау, нақтылау (жаңарту, өзгерту, толықтыру), алу, пайдалану, беру (тарату, беру, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою, өшіру, суретке түсіру арқылы сурет алу, сондай-ақ заңнамада тікелей тыйым салынбаған Пайдаланушының дербес және өзге де деректерімен кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

5.9. Осы Келісімнің 5.10-тармағында көрсетілген мақсаттарда Пайдаланушының дербес және өзге де деректерін одан әрі өңдеу үшін өңдеуді және беруді Ақпараттық технологиялар дивизионы ҰБДҚ сенімді басқарушысы - «Қазақтелеком» АҚ филиалы, БСН 060441003301, «Aitu - Платежные решения» ЖШС, БСН 190240009443, «Bilim Land» ЖШС, БСН 141040020778, «BTS DIGITAL» ЖШС, 180140022960 БСН, ҰБДҚ-ны қолдау және дамыту мақсатында тартылған өзге де тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.

5.10. Пайдаланушының дербес деректерін жинау және өңдеу мынадай мақсаттар үшін жүзеге асырылады: 

• ҰБДҚ мазмұны мен функционалына қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде техникалық көмек көрсету; 

білім беру ұйымдарының Пайдаланушы-қызметкерлерін олардың білім беру ұйымдарында педагогикалық және еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігіне тексеру;

білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тарифтері;

қызмет алушылардың білім беру ұйымдарына қатысуын тіркеу, бақылау және есепке алу;

статистикалық деректер мен аналитикалық зерттеулер жинауды жүргізу; 

кез келген қолжетімді байланыс арналары арқылы ҰБДҚ жұмысы мәселелері бойынша пайдаланушыларға кеңес беру; 

ҰБДҚ жұмысының сапасын зерттеу; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пайдаланушылардың сұраныстарын өңдеу;

Пайдаланушы келісімінің сақталуын қамтамасыз ету;

Пайдаланушы мәртебесін растау;

Пайдаланушының білім беру ұйымдарымен өзара қарым-қатынасына жәрдемдесу;

ҰБДҚ жұмысын бақылауды, мониторингті және техникалық қолдауды жүзеге асыру.

 

6. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері


6.1.  Пайдаланушы Иеленушіге ҰБДҚ-дағы техникалық ақаулар мен дәлсіздіктердің анықталғаны туралы хабарлауға құқылы.

6.2. Пайдаланушы тіркелу кезінде Иеленушіге нақты және толық ақпарат беруге міндетті.

6.3. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін қасақана немесе кездейсоқ бұзбауға міндетті.

6.4 Пайдаланушы өзін басқа тұлға ретінде көрсетпеуге, құрамында вирустар немесе басқа зиянды бағдарламалық жасақтамалар бар материалдарды пайдаланбауға міндетті.

6.5. Пайдаланушы ҰБДҚ есептік жазбасына кіру үшін пайдаланылатын бірегей логин мен құпия сөзді құпия сақтауға міндетті. Логин мен құпия сөз құпия ақпарат болып табылады және қолданыстағы заңнамада және/немесе Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге жатпайды. Пайдаланушы өз есептік жазбасының құпия сөзі мен логинін жоғалтуға немесе жариялауға байланысты кез келген тәуекелдерді Пайдаланушы өз бетінше көтереді.

6.6. Пайдаланушы Иеленушінің және/немесе оның қандай да бір элементтерінің зияткерлік меншік құқықтарын, оның ішінде өзге де тұлғалардың құқықтарын, егер олардың зияткерлік меншік объектілері ҰБДҚ-ға орналастырылған болса (мәтіндік, графикалық, аудио/видео және т.б.) Иеленушінің жазбаша келісімінсіз, ҰБДҚ-да тікелей рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, атап айтқанда, Пайдаланушының ҰБДҚ-ны және ҰБДҚ-да Иеленуші орналастырған материалдарды көшіруге, таратуға, жіберуге, жариялауға және өзге де жолмен таратуға және жаңғыртуға құқығы жоқ болса, бұзбауға міндетті.

 

7. Иеленушінің құқықтары мен міндеттері


7.1. Иеленуші қажет болған жағдайда Пайдаланушының енгізілген деректерінің дұрыстығын, оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес деректер қорларына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгіну жолымен тексеруге құқылы.

7.2. Иеленуші Пайдаланушыларға ақпараттық хабарламалар жіберуге құқылы. Кез келген ықтимал тәсілмен тіркеле отырып, Пайдаланушы Жеке кабинетке/Жеке кабинетте/есептік жазбада көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне ақпараттық хабарламалар алуға келіседі. 

7.3. Иеленуші кез келген уақытта ҰБДҚ ресімдеуін және Пайдаланушы интерфейсін, оның мазмұнын, ұсынылатын функциялардың мазмұнын өзгертуге, Пайдаланушының ескертуінсіз пайдаланылатын сценарийлерді, ҰБДҚ және ҰБДҚ-да пайдаланылатын немесе сақталатын басқа да объектілерді өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.

7.4. Иеленуші Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге де шараларды қолдануға және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

7.5. Осы Келісім бойынша Иеленушінің құқықтары мен міндеттерін ҰБДҚ Иеленушісі де, сенімгерлік басқарушысы да: Ақпараттық технологиялар дивизионы - «Қазақтелеком» АҚ филиалы, БСН 060441003301 және ҰБДҚ қолдау және дамыту мақсатында тартылған өзге де адамдар іске асыра алады.

7.6. Иеленуші ҰБДҚ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті.

7.7. Иеленуші Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын орындауға міндетті.

 

8. Келісімнің күшіне енуі


8.1. Келісім Пайдаланушы өзінің шарттарымен (акцепт) келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабы 3-тармағының мағынасы бойынша Иеленушінің офертасының акцепті болып табылады. Пайдаланушының келісім шарттарымен келісімі мынадай түрде білдірілуі мүмкін:

  • ҰБДҚ-дағы диалогтық терезеде Келісім шарттарын қабылдау арқылы;

  • немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы Келісімге қол қою арқылы;

  • немесе ҰБДҚ пайдалану арқылы кез келген тәсілмен, мысалы, ҰБДҚ интерфейсінде қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыру, ҰБДҚ көмегімен ұсынылатын кез келген ақпаратты (мәліметтер, құжаттама, контент, бағдарламалық жасақтама және т.б.) жүктеу және/немесе жіберу арқылы.

8.2. Акцепт толық, сөзсіз және шартсыз.

8.3. Осы Келісімді Иеленуші кез келген уақытта, қандай да бір арнайы хабарламасыз және Пайдаланушының Келісімнің жаңа редакциясын қабылдамай/оған қол қоймай толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы ҰБДҚ-да жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

 

9. Жауапкершілік


9.1. Пайдаланушы ҰБДҚ-да тіркелу кезінде ұсынылатын деректердің дұрыстығына және ҰБДҚ-да жасалған өзінің барлық әрекеттері үшін толық жауапты болады.

 

10. Қорытынды ережелер

 

10.1. Осы Келісім ҰБДҚ-ны пайдалану мүмкіндігін пайдалану тәртібіне қатысты Пайдаланушы мен Иеленуші арасындағы азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және Пайдаланушы мен Иеленуші арасындағы барлық бұрынғы келісімдерді, олар болған жағдайда, ауыстырады. 

10.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

10.3. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді. 

10.4. Пайдаланушы не өзге пайдаланушылар Келісімдердің ережелерін бұзған жағдайда, Иеленушісі тарапынан әрекетсіздік Иеленушісін кейінірек өз мүдделерін қорғау үшін тиісті іс-әрекеттер жасау құқығынан айырмайды, сондай-ақ кейіннен осындай не ұқсас бұзушылықтар жасалған жағдайда Иеленушісінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді. 

10.5. Келісімнің ережелерін білмеу Пайдаланушыны оның шарттарын сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

10.6. Даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жолымен, ал мүмкін болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен реттеуге міндеттенеді.