Балаларды қосымша білім беру ұйымдарынан ваучер алу үшін кезекке қою
Қызмет балаларға қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба аясында, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Бірлескен бұйрығына сәйкес қолжетімді.
Қызмет туралы
Қызметті көрсету:
Онлайн
Кім өтініш бере алады:
Баланың ата-анасы және/немесе заңды өкілдері
Өтінім беру үшін қажетті деректер:
- Ата-ананың/заңды өкілдің ЖСН-ні
- Баланың ЖСН-ні
- МАБ базасында тіркелген телефон нөмірі
- Баланың фотосуреті
- 027/у нысанындағы медициналық анықтама
Қызмет алу үдерісі
1
Өтінім беріңіз
«Кезекке өтінім беру» батырмасын басыңыз
2
Өтінім нысанын толтырыңыз
Электронды өтінім нысанын толтырып, жіберіңіз
3
Кезегіңізді күтіңіз
«Менің өтінімдерім» бөлімінде кезек мәртебесін қадағалаңыз
4
Келісім шарт жасау
Ваучер алып, ұйыммен электронды келісім шарт жасаңыз
Жиі қойылатын сұрақтар